2023 жылғы 5 шілде күні «Астана – аласармас асқақ рух» атты патриоттық сағат өтті

     Бүгін №15 «Жидек» бөбекжай балабақшасында Астана күні аталып өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу, еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру мақсатында «Астана – аласармас асқақ рух» тақырыбында патриоттық сағат өткізілді.

     Кішкентай оқырмандарымызға «Еліміздің жүрегі-Астана» атты кітап көрмесі таныстырылды. Одан бөлек, балалар, Астананың көрікті жерлерінің суреттері жасырылған таблоларды ашып, жауабын тауып, сол жер туралы әңгімелеп берді. Астана күніне орай, балабақша тәрбиеленушілері Күләш Ахметованың «Құтты Орда», Қалқаман Сариннің «Астана», Мағиза Құнапияқызының «Астанам», Сәуле Досжанның «Астана суреттері» өлеңдерін тарту етті.

1

2

3

4

5

6

7