
8 маусым күні «Кітап Ұstar» жобасы аясында Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №15 «Жидек» бала бақшасының бүлдіршіндерімен «Біз табиғаттың достарымыз» жас экологтар шеруін өткізді. Балалар «Табиғат», «Табиғат құбылыстары» туралы қызықты мәліметтер алып, «Эко-жұмбақтар» бойынша жұмбақтар жасырылды, танымдылық викторина сұрақтарына жауап берді.
Оқырмандарға «Жеріңді аяла, адамзат!» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.