2022 жылғы 2 маусым күні «Туды ұстайды рухы биік ел ғана» атты патриоттық сағат өтті

      2022 жылғы 2 маусым күні  кітапхана қызметкерлері   №15 «Жидек» бала бақшасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Туды ұстайды рухы биік ел ғана» патриоттық сағатын өткізді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен авторларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада Маралтай Райымбекұлы, Алмас Ахметбекұлы, Сұлтан Қалиевтің т.б. ақындардың рәміздер туралы жазған өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.

      Оқырмандар назарына «Рәміздер –елімнің мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді.

1

2

3

4

5

6