1 маусым күні «КІТАП ФЕСТИВАЛІ - 2023» атты шара ұйымдастырылды

     1 маусым күні С.Жиенбаев атындағы креативті орталығының алаңында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық, қала кітапханалары  өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау  мақсатында «КІТАП ФЕСТИВАЛІ - 2023» шарасы ұйымдастырылды.  

     Кітап фестивалі аясында балалар кітапханасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы, Мәдениет саласының үздігі Гүлсамал Аймаханованың шығармашылығына арналған   «Ақ парақ пен қаламды Тұмарындай аялап...» жыр-думан өткізілді.

     Гүлсамал Төрединқызы халық игілігіне жасап жатқан жұмыстары, шығармашылығындағы жаңалықтары және алдағы жоспарларымен бөлісті және жыр сүйер жастарға ең бірінші ана тілін сүю қажет екенін, көп білім ғана адамды шыңға жетелейтінін айтып, ақыл-кеңес берді.

     Шара «Мен өнерпаз баламын, жарқыраймын жанамын» әдеби-сазды бағдарламасымен жалғасты. Кітапхана оқырмандары М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің, Қорқыт атындағы өнер мектебінің оқушылары жергілікті ақын-жазушыларының жырларын оқып, қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

     Кітапхананың жас оқырмандары, бастауыш сынып оқушылары «Балауса бағым – шаттық пен қуаныш ордасы» әдеби косплейі өтті.

     Оқырмандар назарына «Құрақтай балғын, бұлақтай мөлдір...» және «Ғажайып әлемі» алаңдарында балаларға арналған түрлі форматта кітаптар ұсынылып, әдеби ойындар ұйымдастырылды.

№60 Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары «Ертегі сыр шертеді» тақырыбында флеш-моб ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9