
28 мамыр — Ақтөбе қаласының күні. Осы ретте оқырмандар арасында Ақтөбенің кешегі және бүгінгі келбеті турасында 2023 жылғы 25 мамыр күні «Менің нұрлы, Менің сырлы Ақтөбем!» өлкетану сағаты өтті.
«Ақтөбе – алтын бесігім» көрмесі жасақталды. Оқырмандар Ақтөбеден шыққан батырлар есімімен, ақын-жазушылар шығармаларымен, «Ақтөбе құтты мекен» энциклопедиялық анықтамасы, Қазақ халқының қаһармандық жыры «Қобыланды», Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» поэмаларымен танысты.