2023 жылғы 18 мамыр күні «Азаттық жолындағы жарқын тұлға» атты тарих сағаты өтті

         2023 жылғы 18 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл   толуына орай «Азаттық жолындағы жарқын тұлға» атты тарих сағатын өткізді. Өскелең ұрпақ санасында Темірбек Жүргеновтің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада ұлтын ардақтаған көрнекті тұлғаның отызыншы жылдар ойранындағы көрген қиындықтары мен жазықсыз жалаға ұшырағаны жөнінде, ел мүддесі үшін атқарған ерең еңбегі ел тарихында мәңгілік сақталып, кейінгі ұрпаққа үлгі болатыны туралы кеңінен әңгімеледі.

     «Желкен» әдеби клубының мүшелері ақындар Жақсыбай Сарбалаевтың «Қайта оралды ол бүгін», Сақтаған Есмахановтың «Асыл аға», Мәлік Аяповтың «Жүргеновтің соңғы сөзі» өлеңдерін оқыды. Оқырмандар назарына «Ұлтын ардақтаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұсынылды.

 1

2

3

4

5

6

7