2023 жылғы 3 мамыр күні «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты әскери-патриоттық сағат өтті

     Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына  31 жыл. 2023 жылдың 3 мамырында Отан қорғаушылар күні қарсаңында Н.Байғанин облыстық балалар кітапханасы №2 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» әскери-патриоттық сағатын өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің орындалуымен ашылды. Кітапханашылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы ақпарат берді. Болашақ ел қорғайтын батырларымыз арнау өлеңдерің оқып, домбырамен «Сал күрең» күйін тартып, Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» жырынан шашу шашты. Шара соңында Рауан Бейсенұлының «Ән сал, сарбаз» әні шырқалды.

     Сонымен қатар кітапханадағы тарихи, әскери әдебиеттерге кеңінен шолу жасалып, «Ер – елінің айнасы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандарды кітап көрмесімен таныстыру барысында  ел тарихындағы баға жетпес із қалдырған ержүрек батырлардың өмір жолы мен күрескерлігін жаңа, тың қырынан тани алатын А.Тасболатовтың «Қазақтың хас батырлары» атты ғылыми танымдық энциклопедиясы және Қайлолла Ахметжанның «Ер қаруы бес қару» сынды кітаптарына және  Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының қаһармандық мінезі мен жайнаған жастық шағы, соғыс жылдарындағы өмірі қамтылған «Қаһарман Бауыржан Момышұлы» атты фотосуреттер мен деректер қамтылған кітаптарына шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6