2023 жылғы 28 сәуір күні «Денсаулық формуласы» денсаулық жәрмеңкесі өтті

     2023 жылғы 28 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №22 орта мектебінде «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында «Денсаулық формуласы» денсаулық жәрмеңкесін өткізді.               Салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада «Спорт – салауатты өмір бастауы» кітап көрмесінде әр түрлі спорттық ойын түрлерімен тәсілдерін меңгеруге үйрететін кітаптар тобы таныстырылып, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етуге шақырылды.

    Клуб мүшелері ұлттық «Бес асық», «Ханталапай» және эстафеталық ойындар ойнап өзара жарысқа түсіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10