2023 жылғы 26 сәуір күні «Туған жерді асқақ тұтқан қаламгер» атты әдеби кеш өтті

     2023 жылғы 26 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №67 орта мектептің кітапханасында жазушы   Өтебай Қанахиннің туғанына 100 жылдығына арналған «Туған жерді асқақ тұтқан қаламгер» әдеби кеш өткізді.

     Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы сыр төгетін «Кісіліктің биік шыңы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

     Оқырмандар жазушының өзінің балалық шағы, туған жері туралы шығармасы «Жер басып жүрсем…», «Көл жағасында» туралы, «Қарт сарбаз хикаясының» тағдыры, оның кейіпкерлері туралы пікірлерін айтып, жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды.

1

2

3

4

5

6

7