21-сәуір күні «Кітап – ғажап, сырлы әлем!» атты әдеби-ойын өтті

     Жыл сайын Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай облыстық балалар кітапханасы түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биылғы кітап мерекесі «КІТАП шоу» фестивалі аясында 21-сәуір күні «Кітап – ғажап, сырлы әлем!» атты әдеби-ойынмен басталды. Кітапхана аванзалында «Кішкентайлар мен ақылдыларға» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер, 3D және QR код арқылы оқуға ұсынылатын кітаптар қойылды.

   Балалардың кітапқа, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында өткізілген шараға №15 «Жидек» балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілері қатысты. Оқырмандарымызға сурет арқылы ертегі кейіпкерлерін анықтау, қызықты жұмбақтар шешу сынды ойындар ұсынылды. Атаулы кітап күнінде кітапхананың кішкентай оқырмандары «Анасын іздеген қонжық» ертегісін тарту етті.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10