2023 жылғы 6 сәуір күні «Қазақтың алғашқы дәрігер қызы» портрет-кеші өтті

         2023 жылғы 6 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «КітапҰstar» жобасы аясында дәрігер Аққағаз Досжанованың туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақтың алғашқы дәрігер қызы» портрет-кешін өткізді.

        Портрет-кешіне М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университеті, қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бекзат Аққонысұлы Молдин және М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық, Ақтөбе педагогикалық колледжі студенттерімен, №67 жалпы білім беретін орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Шара барысында Бекзат Аққонысұлы Қазақтың алғашқы дәрігер қыздарының бірі, бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде жаралы кеңес әскерлеріне медициналық көмек көрсеткен, Алаш партиясының мүшесі ретінде  ұлттық мүддеге қызмет еткен Аққағаз Досжанова жайында өзінің тың ақпараттарымен бөлісіп, дәрігер өмірінен сұрақтар қойылып, бейнефильм көрсетілді.

         Оқырмандар назарына «Нәзіктікпен қайсарлық ұштасқан жан» атты кітап көрмесі жасақталып, мерзімді басылым беттерінде жарияланған Аққағаз Досжанова туралы деректер мен фото суреттер ұсынылып, рухына тағзым етілді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10