2023 жылғы 20 сәуір күні «Жырымен жұртын оятқан» жыр-пати өтті

     2023 жылғы 20 сәуір күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың бірлігі мен Алаштың азаттығы үшін күрескен танымал тұлға, педагог, ағартушы, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Жырымен жұртын оятқан» жыр-пати өткізді.

     Шараға қатысқан №39 орта мектебінің 7 сынып оқушыларына М.Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен  шығармашылық мұрасы туралы тереңнен сыр шертіліп, шығармаларына шолу жасалды. Оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, шығармалары бойынша тапсырмалар орындады. Қанат Рамазанның сценарийі бойынша түсірілген «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» тарихи фильмнен үзінді көрсетіліп, ақынның жастарды биік рухқа үндейтін «Мен жастарға сенемін» әнімен шара қортындыланды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10