12 сәуір күні «Мен ғарышкер боламын!» атты ғарышқа саяхат сағаты өтті

     12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Осы күнге орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №42 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларымен «Мен ғарышкер боламын!» тақырыбында ғарыш әлеміне саяхат жасады. Саяхатымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты та­ныта білуге арналған.

     «Ғарыш – сиқырлы, сырлы әлем» атты кітап көрме-ақпарат ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Т.Әубәкіровтың, Т.Мұсабаевтың, А.Айымбетовтың, Ю.Гагариннің өмірі, еңбек жолдары туралы, ғарыш техникасының дамуы т.б. кітапхана қорындағы ғарыш тақырыбындағы кітаптар және мерзімді басылымдар беттеріне шыққан мақалаларға шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9