
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2022 жылғы 21 ақпан күні № 45 жалпы білім беретін орта мектептің мәжіліс залында ЮНЕСКО бойынша Ана тілі күніне арналған «Тарих- тамыр, тіл-тұғыр» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде оқушылармен бірге төмендегі сұрақтар талқыланды:
- Сізді өз ана тіліңіздің тағдыры қаншалықты толғандырады?
- Тіліңнің дәрежесін көтеруде нені ұсынар едің?
Шарада оқушылар назарына «Тіл халықтың рухы» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жүргізілді.