2022 жылғы 24 ақпанда «Өз таңдауыңызды жасаңыз» атты дөңгелек үстел өтті

      2022  жылғы 24 ақпанда Н.Байғанин  атындағы облыстық балалар кітапханасы Благодар орта мектебінде  «Позитив» салауаттылық клубының кезекті отырысында «Өз таңдауыңызды жасаңыз» атты дөңгелек үстел өткізді.

     «Позитив» салауаттылық клубының мүшелері дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, дәрумендер және жаман әдеттер, жат қылықтар туралы өз пікірлерін плакаттар мен слайд арқылы көрсетіп, қызу талқылады. Шарада әр түрлі блиц-сұрақтар қойылып, денені үнемі ширықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету жөнінде айтылып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

1

2

3

4

5