2022 жылғы 25 ақпанда «Менің қояр сұрағым...» атты құқық сағаты өтті

     2022 жылғы 25 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Менің қояр сұрағым...» атты құқық сағатын өткізді.

     Шараның басты мақсаты – балалардың құқықтық санасын көтеру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

     Шара қонақтары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Барлықова Қарлығаш Алтынбекқызы мен Құрманғазина Жұмагүл Төлегенқызы ситуациялық сұрақтар арқылы жасөспірімдердің құқықтық  білімдерін  тексере отырып,  азаматтық белсенділігін көтеріп,  заң алдындағы  жауапкершілікте жете түсіндірді және баршаны әдептілікке, тәртіптілікке, адалдыққа шақырды.

     «Бала қауіпсіздігі-ұлт қауіпсіздігі  » кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6