2022 жылғы 28 ақпанда «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы» онлайн-конференция өтті

     2022 жылғы 28 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы мемлекет қайраткері, қазақ ғылымының бірнеше саласының  негізін қалаған ғалым, ақын, публицист, балалар әдебиетіндегі ірі тұлға А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы» онлайн-конференциясын өткізді.

     Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

     Шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Нәзима Қуанышбайқызы Оташева қатысып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы Ахмет Байтұрсынұлы жайындағы құжаттар туралы айтып, тарихтағы ұмытылмайтын істері,  саяси қызмет жолы,  қазақ тіліне қосқан үлесі мен  қазақ әдебиетіндегі елеулі орнын дәріптеді.

     «Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақынның жырларын оқыды.

1

2

3

4

5

7

8

9