2022 жылғы 2 наурыз күні «Шындықты қанат етіп қаламына» жыр кеші өтті

     2022 жылғы 2 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ақын Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына арналған «Шындықты қанат етіп қаламына» жыр кешін өткізді.

    Кітапхана оқырмандары ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын Ертай Ахатұлы Ашықбаевтың және ақынның қызы Лаззат Баймолдинаның әңгімелері арқылы ақынның шыншылдыққа, азаматшылдыққа үндейтін шығармашылығымен, оқырманды ойлылығымен, шынайылығымен баурайтынын өлеңдерімен тереңірек танысты.

    «Zoom»  платформасы арқылы ақынның  Алматы қаласында тұратын жары және балалары, ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып оқырмандармен сұхбаттасып,  ақынның өмірі туралы естеліктерімен бөлісті.

    «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Ақынның өлмес бақыты – өлең!» әдеби монтажын ұсынды.

    «Өмірім... Өрнектелсін өлеңіммен» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

     Шараға «Желкен» әдеби клубының мүшелері, №31, №65, №2, №42  №22 мектептерінің жоғарғы класс оқушылары,  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

1

2

3

4

5

6

7