2022 жылғы 3 наурыз күні «Анаммен әлем әдемі...» атты мерекелік шара өтті

      Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы 2022 жылғы 3 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анаммен әлем әдемі...» атты мерекелік шара өткізілді.

      Шараға Ақтөбе өңірінен шыққан estethom.kz брэндінің авторы Раушан Нұрлыбайқызы қатысып, 4 сынып оқушыларын өз қолөнерімен жақынырақ таныстырды. Мастер-класс өткізіп қыз балалардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырды. «Ақбөбек» білім беру орталығының оқушылары аналарға арнап өлең шумақтарын оқыса, «Талант студио» шығармашылық мектебінің өнерпазы Сагиндыков Ислам ақ жаулықты аналарға және  барлық нәзік жандыларға арнап ән шырқады.

1

2

3

5

6

7