
2022 жылғы 17 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Наурыз мейрамында «Аққу» қоғамдық бірлестігінің ең сүйкімді балаларын «Келді Наурыз-гүл-көктем» атты көңілді бағдарламасымен құттықтады. Балалар би билеп, жұмбақ шешіп, ойынға қатысты.
«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі ұсынылып, қазақтың салт-дәстүріне, қазақтың ұлттық тағамдарына арналған кітаптарды оқыды. Мерекелік дастарханда балалар кітапханамыздың Наурыз көжесі мен бауырсақтарынан дәм татты. Кітапхана қызметкерлері балаларды құттықтап, тәтті сыйлықтар үлестірді.