2022 жылдың 25 наурызы мен 2 сәуір аралығында Балалар кітабының апталығы өтеді

     Балалардың көктемді демалыс күндерін қызықты және пайдалы өткізуіне ықпал ету мақсатында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2022 жылдың 25 наурызы мен 2 сәуір аралығында Балалар жылы аясында Халықаралық балалар кітабы  күніне орай Балалар кітабының апталығын өткізеді.

     Апталық аясында жас оқырмандар үшін түрлі форматта кездесулер, мерекелер, кітап көрмелері ұйымдастырылады.

     Апталық ақын, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Ескен Елубаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Балаларға базарлық» әдеби сағатымен ашылды.

     «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесінде Ескен Елубаевтың еліміздің бүлдіршіндері мен жеткін­шек­тері елін сүйген ержүрек батыр, өнер­лі, тәрбиелі білімді болып өссін деп жазған не­бір ғажайып дүниелеріне библиографиялық шолу жүргізілді.

     «Zoom» платформасы арқылы жазушы, Қанат Қайым шараға қатысып, ақынның балалар әдебиетіндегі жарқын бейнесі туралы  айтып, естеліктерімен бөлісті.

     Кітапхананың белсенді оқырмандары №31, №45 мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, шығармашылығымен терең танысты.

1

3

4

5

6

7

8

9

10

11