2022 жылғы 22 сәуірде «Төгіліп күй, жарқырап жыр, әуелеп ән…» әдеби-сазды алаңы өтті

     2022 жылғы 22 сәуірде Халықаралық кітап күніне орай Ақтөбе облысы бойынша барлық кітапханаларда «Кітапхана Кештері» өтті.

     «Кітапхана Кеші» Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырмандары үшін «Төгіліп күй, жарқырап жыр, әуелеп ән…» әдеби-сазды алаңы және  шытырман оқиғаларға толы «Book Treasure» (Кітап қазынасы)  саяхат ұйымдастырылды.

     Оқу мәдениетін арттыру, талантты оқырмандарға қолдау көрсету, жастар арасында кітап оқуды жандандыру, қоғам мен кітапхана байланысының жаңа формаларын қалыптастыру мақсатында өткізілген әдеби-сазды алаңында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, журналист Индира Мұратқызы Кереева, жас қаламгер  Әлихан Жақсылық, көкіректеріне көрікті сөз ұялаған, поэзияны, көркем әдебиетті сүйетін оқырмандар, «Желкен» әдеби клубының мүшелері, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы,   М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары, А.Жұбанов атындағы музыка колледжінің 2-курс студенттері бас қосты.

     Шараға қатысушылар белгілі ақындардың өлеңдерін оқып,  өздерінің балауса туындыларын да ортаға салды. Өнерлі оқырмандарымыз домбырадан күй төгілтіп, ән салып, үлкен қызығушылықпен қатысып, рухани азық алып, баршаны кітап оқудан ләззат алуға, жан сарайын кеңейтуге шақырды.

     Ал шытырман оқиғаларды сүйіп оқитын оқырмандар әдеби кейіпкерлер Питер Пен мен Кариб теңізінің әйгілі қарақшы капитаны Джекпен бірге «Book Treasure» Кітап қазынасын табу үшін түрлі кедергілерден өтеді. Балаларға басты талап қойылды – қатысушылар үшін «қарақшылар» дресс-коды.

     Жас қарақшылар Джекпен бірге көне көпірден өтіп, қарақшылардың биін билеп, «қазына-кітабы» суретін салып, сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп,  қарақшы Джектің  жұмбақтарының да шешімін тапты.

     Қызықты шараға қатысқан №11, 42 мектептерінің кішкентай қарақшылар тақырыптық фотоаймақта суретке түсіп, көңілді күймен тарады.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12