2022 жылғы 5 мамыр күні «Батырдың ізін жалғар ұрпағы бар» атты тағзым сағаты өтті

     2022 жылғы  5 мамыр  күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі Совет Одағының батыры І.Үргенішбаевтің туғанына 110 жыл толуына арналған «Батырдың ізін жалғар ұрпағы бар» атты тағзым сағатын өткізді.

     Шараның мақсаты: Қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Ідіріс Үргенішбаевтың қаһармандық ерлігін, мұғалімдік бейнесін жан-жақты ашып көрсету, елін, жерін қорғай білуге, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
     Шарада қаламын винтовка мен автоматқа ауыстырған кешегі ауыл мұғалімінің тар жол, тайғақ кешудегі ерлік істері жете таныстырылып, оқырмандарға батыр туралы естелік видеолар мен слайдтар көрсетілді.

     «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5