2022 жылғы 6 мамыр  күні «Менің Отаным – тыныштықтың мекені» атты патриоттық акция өтті

     2022 жылғы  6 мамыр  күні Нұрпейіс Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы 312 атқыштар дивизиясы мен 101 атқыштар бригадасының құрметіне арналған «Зеңбірек» ескерткіш-белгісі  алаңында Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесіне және Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылары күніне арналған «Менің Отаным – тыныштықтың мекені» атты патриоттық акция өткізді.

     Шараға Ақтөбе облыстық Ауған соғысының ардагерлері, Ауған соғысы жауынгер интернационалистер  қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары  Амангелді Бәйішұлы Жұмабеков, Жантөре Қантөреұлы Көптлеуов қатысып, өз өмірін халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт астындағы өмірін қорғауға арнаған ардагерлеріміздің өнегелі өмірін үлгі етіп, оларды ерекше құрметтеуге және өз елінің адал перзенті деген атқа лайықты болуға шақырды.

    №1 музыка мектебінің өнерпаздары, Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының, Ғұбайдолла Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы, 11, 42, 45, 55, жоғарғы сынып оқушылары «Мәңгілік мақтан Қазағым – Елім»» әдеби-сазды бағдарламасын ұсынды.

    Оқырмандар назарына «Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді», «Қазақстан Қарулы Күштері - азаттық сақшысы» кітап көрмелері ұсынылды.

1

2

3

4

5

6

7

8

10