2022 жылғы 12 мамыр күні "Менің отбасым және мен оқыған кітап" оқырман отбасы бенефисі өтті

     2022 жылғы 12 мамыр күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  Халықаралық Отбасы күніне арналған "Менің отбасым және мен оқыған кітап" оқырман отбасы бенефисі өтті.

     Шараға "Шаңырақ" отбасылық оқу клубының мүшелері және №22 орта мектебінің 5 класс оқушылары мен тұрақты оқырманымыз Ізбагамбетовтер отбасы қатысты.

     Сұхбат барысында отбасының тірегі Ізбагамбетов Оралбай немерелерінің  кітапханаға жиі келетіндерін, кітаппен жақын дос бола білгендері жайлы әңгімеледі.  

     Отанасы  Ізбагамбетова Айсұлу балалары мен немерелеріне дұрыс тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігі туралы ой бөлісті. Ал  анасы Салтанат балаларының оқудағы жетістіктері туралы үлкен сүйіспеншілікпен және мақтанышпен айтып, мерекемен құттықтады. Балаларды кітап оқуға шақырды.

     Шарада оқырмандар ой сергіту айдары бойынша «Кім тапқыр?» ойынында  берілген сөздерден  отбасы, кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды. «Талант студио» шығармашылық орталығының білім алушысы

     Сисемби  Аяжан «Ата-әже» әнін тарту етті. «Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4