2022 жылғы 19 мамыр күні «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл!» әдеби кеш өтті

     2022 жылғы 19 мамыр күні Нұрпейіс Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы № 6 Ғұбайдолла Ақтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде 7 класс оқушылары арасында ақын  Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл!» әдеби кешін өткізді.

     Оқушылар  Тұрмағамбет Ізтілеуұлының өмірі және рухани мұрасымен танысып,  ақынның рубаиларынан әдеби монтаж ұсынды. Белсенді оқырман Амандық Жансұлтан «Тәлім» термесін орындады. Ақынның шығармашылығы бойынша естелік бейне таспалар мен слайдтар көрсетілді.

     «Дария жырдың дүлдүлі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5