2022 жылғы 2 маусым күні «Киелі, қасиетті, құдіретті, қәдірле, Рәміздерді, жүрекпенен!» патриоттық сағат өтті

     2022 жылғы 2 маусым күні   Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне арнап М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Киелі, қасиетті, құдіретті, қәдірле, Рәміздерді, жүрекпенен!» патриоттық сағат ұйымдастырды.

     Шарада Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі болған халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі - мемлекеттік рәміздеріміз туралы терең ақпарат берілді. Жас жеткіншектердің отансүйгіштік сезімін оятып, рәміздерді құрметтеуге үндейтін өлең-жырлар жатқа оқылып, мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірі асқақтатылды.

     Оқырмандар назарына «Рәміздер – ұлттың киесі, рухтың тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.

4

2

3