2022 жылғы 24 маусымда «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорт алаңы өтті

     2022 жылғы 24 маусымда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  Балалар жылына арналған «KIDS BOOK FEST – 2022» Кітап фестивалі аясында Абай гүлзарында  «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» спорт алаңын ұйымдастырды.

     Адам өмірінде спорттың маңыздылығын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында өткізілген шарада «Спорт – салауатты өмір бастауы», «Бақытың да, байлығың да – ДЕНСАУЛЫҚ»  кітап көрмелерінде денсаулық пен спорт туралы, қызықты деректер топтамасы  ұсынылып, балаларды салауатты өмір салтын ұстануға және  спортпен дос болуға шақырды.

     «Тэквондо» спорт түрінің қызыл-қара белбеу иегері Әлішер Бөлеков әрқашан өзіне сенімді, сабырлы, не нәрсе жасаса да, ойланып барып орындайтын адам болуы керек екендігін  және жастарды жігерлі, қайратты болуға шақырды.

     Алаңға жиналған балалар ұлттық «Бес асық», «Ханталапай» ойындарын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9