2022 жылғы 12 тамызда «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз.» тақырыбында кітап көрмесі өтті

     2022 жылғы 12 тамызда Абай гүлзарында «KIDS BOOK FESТ – 2022»  фестивалі аясында біздің кітапхана «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз.» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Кішкентай оқырмандарымыздың назарына ғарыш әлемі мен қоршаған ортаны танып білуге, мемлекеттер мен әлемнің керемет жерлерін түсінуге көмектесетін энциклопедиялық жинақтар ұсынылды. Балалар 365 күнге арналған «Әдеп әлемінде» әдеп әліппесі, «Правда или нет?», «First words», «АВС» английский алфавит кітаптарымен танысып, әдеби ойындарға қатысты.

     2022 жылдың 12 тамызында кітапхана Жастар күніне орай Абай гүлзарында «Жас мұраты – білім, тәлім-талабы – өнер, оқу – жастықтың қару-жарағы» атты сұхбат-кешін өткізді. Еліміздің келешегі жастардың әлеуметтік келбеттерін бағдарлап, ой-пікірлерін  саралау мақсатында ұйымдастырылған шарада еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екендігі айтылды.

     Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын  жастар «Жетістікке жету жолында адам бойында қандай қасиет болу керек?», «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегенді қалай түсінесіз?, «Қоғамымызда белсенді жастар көп пе, әлде енжар жалқау жастар көп пе?», «Қоғам дамуы үшін қандай жат қасиеттен арылуымыз керек? деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтты.

1

2

3

4

5

6

7

8