2022 жылғы 19 тамызда «Сиқырлы фото әлемі» әдеби мозаика өтті

     2022 жылғы 19 тамызда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында 19 тамыз - Дүниежүзілік фотосуреттер күніне орай «Сиқырлы фото әлемі» әдеби мозаика өткізді.

     Шарада көпшілік назарына «Фотообьективте өлкеміздің өткені мен бүгіні»  кітап көрмесі ұсынылып, өлке тарихына саяхат жасалды. Жылдар белесіндегі сан қырлы өзгерістер мен талай тарихи тұлғалар шыққан, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Ақтөбе қаласы туралы сұрақтарға жауап беріліп, жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары насихатталды.

 1

2

3

4