14 қыркүйек күні «Жанұя кешені – жылулық мекені» кездесу кеш өтті

     14 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  Отбасы күніне арналған «Жанұя кешені – жылулық мекені» кездесу  кеші өтті.

     Шараға "Шаңырақ" отбасылық оқу клубының мүшелері және Мырзалиевтар, Тұяқовтар отбасылары қатысты.

     Шара барысында ұстаз, ардақты ана, ақжаулықты әже Ұлмекен Қаниқызы Тұяқова ел ішін ауыз біршілікке, білімге, елін, жерін қорғауға шақырған қазақтың қанатты сөздері жайлы ой-толғаныстарымен бөлісіп, бабадан қалған даналық сөздің құдіретін бағалай білуге шақырды.

     Ал Мырзалиевтар отбасының тірегі Ержан Ауезханұлы кітаппен жақын екендігін, оқыған қызықты кітаптары туралы әңгімелесе, отанасы Фарида Мырзалиева бала тәрбиесінің маңыздылығын айтып. балаларды кітап оқуға шақырды.

     №8 орта мектептің оқушылары Анель Ерланқызы, Айару Амантаева,  Сабина Болатова Ахмет Байтұрсынұлының «Қозы мен Қасқыр» шығармасынан көрініс көрсетсе, №62 Б.Момышұлы атындағы орта мектептің оқушысы Жанерке  Мергенова «Ата-әже» әнін тарту етті.

     Шарада оқырмандар «Кім тапқыр?» ойынында  берілген сөздерден  отбасы, кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастырды.

     «Бақытты отбасы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10