2022 жылғы  21 қыркүйек күні жоба аясынды жергілікті қаламгерлермен кездесу кеш өтті

     Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында  «Кітап. Тұлға. Рух» жобасы жүзеге асырылып, оқырмандардың  рухани дамуына мүмкіндіктер беруде.

     Жобаның мақсаты – балалардың  оқу мәдениетін арттыру; адамгершілік, рухани, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; балаларға үлгі болатын облыстың танымал, жетістікке жеткен тұлғаларымен (жазушы, кәсіпкер, спортсмен, суретші, әнші және т.б.) таныстыру.

     2022 жылғы  21 қыркүйек күні жоба аясынды жергілікті қаламгерлермен кездесу кеші ұйымдастырылды.

     Шараға ақын, журналист, өнер зарттеушісі Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов, детектив жанрын дамытушы, аудармашы, баспасөз қызметінің үздігі Зияш Қалиқызы Телеуова және  Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, жас ақындардың жанашыры, ақын Гүлімай Әбішқызы қатысып, тағылымды әңгімелерін айтып, балалардың білім көкжиегін кеңейтсе, жазушылық қолтаңбасы бір-біріне мүлде ұқсамайтын, әрқайсысы әр түрлі мектептің мықты өкілі болып саналатын ақтөбелік қаламгерлермен жүзбе-жүз сұхбаттасудың сәті түскенде оқырмандар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, еркін сұқбаттасты.

     «Желкен» әдеби клубының мүшелері қаламгерлердің шығармаларын оқып, кітап оқудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

1

2

3

4

5

6

7

8

9