2022 жылғы 26 қыркүйек күні «Көркем сөздің көрнекті шебері» атты онлайн-конференция өтті

     2022 жылғы 26 қыркүйек күні  Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы оқырмандарға қазақтың әйгілі жазушысы Ғ.Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Көркем сөздің көрнекті шебері»  атты онлайн-конференция өткізілді.

     Шараға «Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей-кешенінің жетекшісі, ақын, филология ғылымдарының кандидаты,  Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков, Ғ.Мүсірепов атындағы Солтүстік Қазақстан  облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының Ұлттық және шетел әдебиеті бөлімінің жетекшісі Айнагүл Әбілқызы Секренова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлнар Сәдуақасқызы Обаева қатысып, жазушы қаламынан шыққан қайталанбас дара да, әсерлі шығармалары мен сұлулық пен ізгілікке құштар.  өмірінің ерекше бір кезеңдері жөнінде және оның басты мұраты ұлт рухының өлмеуі болғандығы әңгімеге алтын арқау етіп алынды.

     Оқырмандар жазушы шығармаларынан орын алған кейіпкерлер өмірі туралы сауалдарын қойып, жазушының шығармашылық зертханасының қыр-сырын түсінді.

1

2

3

4

5

 

6