2022 жылы  30 қыркүйекте «Атқа қонған арулар» атты тарих сағаты өтті

     2022 жылы  30 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  «Ұлы дала қыздары» жобасы аясында, ел тарихында айрықша із қалдырған, әрі ана, әрі дана болған ұлы аналарымызды насихаттау мақсатында  № 31 орта мектебінде «Атқа қонған арулар» атты тарих сағатын өткізді.

     Шара барысында  сан ғасырлық жылдар өтсе де, қайсар мінездерімен, парасат-пайымымен, қилы кезеңдерде ерен ерліктерімен тарих төрінен орын алған Әбілқайыр ханның   ақылды жары – Бопай, Тархан тама Есет Көкіұлының батыр қызы Ботакөз, әулие Есет Көтібарұлының ақындығымен көзге түскен  келіні Таразы туралы айтылды.

     Шараға «Шолпы» қыз балалар клубының мүшелері белсене қатысты.

     Оқырмандар назарына «Мәңгілік  өмірге, мәңгілік өнегеге айналған есімдер» атты кітап көрмесін ұсынды.

1

2

3

4

5

6