2022 жылғы 17қазан күні «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» атты шара  өтті

     2022 жылғы  17қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 8 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының  қатысуымен экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғат тағдыры – адам тағдыры» шарасын  өткізді.

     Оқушылар табиғат әлеміне саяхат жасап, мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, жұмбақтардың шешімін тапты. Қадыр Мырза Әлидің  «Күздің ұзақ жауыны»,  Ұлықбек Естаулеттің  «Табиғат пен ақын» өлеңдерін  оқыды. «Жеріңді аяла, адамзат!» атты көрмесі ұсынылды.

1

2

3

4

5