Новые книги

Новые книги

Ернұр Сейдахмет

«Жалқау құмырсқа» - Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022. - 160 бет.

Ернұр Сейдахмет 1984 жылы Жезқазған қаласында туған. Мектепті ойдағыдай бітіріп, туған жеріндегі университетте білім алып, инженер-технолог мамандығын меңгерді. Балаларға арналған республикалық «Астана-Бәйтерек» (2007), «Балауса» (2013), Халықаралық «Дарбоз» (2012) конкурстардың жеңімпазы атанды. «Қашан үлкен боламын?», «Тентек доп», «Күлші, кәне, балақай!» кітаптарының авторы.

Қолыңызға тиіп отырған «Жалқау құмырсқа» кітабы өзінің шебер жазылуымен кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық. Тілі жатық, ойы ұшқыр, тәлім-тәрбиесі мол жинақты әр баланың сүйіп оқитынына сенімдіміз.

Заря Жұманова

«Ғажайып орман» «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022 ж, 160 бет.

Танымал жазушы Заря Жұманова – «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Түнгі оттар», «Сіз іздеген әлем», «Ақбота», «Күләйша, Рокфеллер және басқалар», «Запах дождя», т.б. атты прозалық кітаптардың авторы. Оның жаңа кітабы балалар мен жасөспірімдерге арналған. Кітаптың тілі тартымды, оқиғалары қызықты

Ермек Сахариев

Сағындырған ауылым / Хикаяттар. «Алматы-Болашақ» АҚ баспасы, 2022, 144 бет.

Ермек Сахариевтің бұл кітабына автордың әр жылдары жазылған повесі мен әңгімелері енді. Шығармаларда туған жер, ауыл өмірі, онда тұратын адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен әрқилы тағдыры және адамгершілік қасиеттері сөз болады.

Бағдат Мәжитов

«Ауылдың суреті»: повесть, өлеңдер, жұмбақтар және т.б. Бағдат Мәжитов. Алматы: «Балалар әдебиеті», 2022.-136 б.

Бұл жинақта Бағдат Мәжитовтың «Ауылдың суреті» атты кітабында әңгімелер мен әлем халықтарының ертегілері, өлеңдер, жұмбақтар, метаграммалар кіріп отыр. Кітапта балалар және жасөспірімдердің өмірінен өткен қызықты сәттері, қиялдары мен армандары, қызықты ертегілер тән болмыс-бітімдері суреттеледі.

Хасан, Серікбол

Күшті бала / Серікбол Хасан. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 96 б., суреттер.

Белгілі балалар ақыны, халықаралық «Рух», «Алтын тобылғы», «Ұлы дала», «Дарабоз» байқауларының балалар әдебиеті аталымы бойынша жеңімпазы Серікбол Хасанның бұл өлеңдер жинағы – балаларға арналған кезекті кітабы.

Бұл өлеңдер жинағын оқыған бала қанаттанып, тәлім алып, бойына қайсар рух жиып, елін-жерін сүйетін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ортасында сыйлы, білімді де тәрбиелі бала болып қалыптасары анық.

 

Қалижанов У.

Жамбыл. Роман-этюд. / Уәлихан Қалижанов. – Алматы: «SUNSHINE plus», 2022. 240 бет.

Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Уәлихан Қалижановтың «Жамбыл» атты роман-этюді жыраулық, айтыс өнерінің көрнекті өкілі, ғасыр Гомері атанған, екі заманның куәсі  Жамбыл Жабаевтың өміріне арналған.

Роман-этюд Жамбылдың ақындық, айтыскерлік, азаматтық болмысын ашады. Кезінде қазақтың ұлы классик жазушысы Мұқтар Әуезов оны «Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деген еді. Роман-этюдте Жамбылдың 1917 жылғы Қазан төңкерісінен бұрынғы және кеңестік дәуірдегі өмірі көркем әдістермен сипатталады.

Оқиғалардың барлығы Жамбыл туралы естелік қалдырған қайраткерлердің жазбаларының негізінде жазылған. Өмір шындығы, заман келбеті нақты көрсетілген.

Роман-этюд тосын деректерімен оқырманды баурап алады.