Новые книги

Новые книги

Әкесінің қызы / Серікбол Хасан. – Нұр-Сұлтан: ЖШС «Муфтият баспасы», 2021. – 42 б.

            Балалар ақыны, «Серпер» Жастар сыйлығының иегері Серікбол Хасанның балаларға арналған бұл кітабында әке мен қыз арасындағы сүйіспеншілік, ізгілік қасиеттерді қамтитын өлеңдері жарияланды. Асыл дініміздегі сүннет амалдарға құрылған бұл өлеңдер кішкентай балдырғандарды қызықтырып, баурап әкетеді.

            Кітап 3 жастан асқан балаларға арналған.

Қеңес Оразбекұлы

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың Шым-Шытырық Хикаялары.

Әзіл-күлкілі сериялы ертегі. / – Алматы: «Орхон» Баспа үйі. – 2022. – 104 бет.

            Халық ауыз әдебиетінде «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт» атты алақандай шағын ертегі бар екенін жақсы білесіздер. Ертегіде ерекше жаратылған үш кейіпкер түнде ұрлыққа шығады да, біреуінің – басы, екіншісінің кеңірдегі жарылып, үшіншісінің аяғы сынып, өліп қалады. Неге екенін, басталмай жатып аяқталатын бұл ертегіні балалар жақсы көреді, кейіпкерлерінің сүретін салуға құмар...

            Сіздерге сүйіншілеп айтатын жайымыз, қолдарыңыздағы бұл кітап балаларды сол сүйікті кейіпкерлерімен қайта табысталғалы отыр. Яғни, автор әлгі ертегінің үш кейіпкерін жаңа сапада қайта тірілтіп, қызықты да күлдіргі хикаятқа айналдырыпты.

            Тілі жеңіл әрі жатық, халық аузындағы сирек кездесетін мың иірімді қанатты сөздер мен сөз тіркестерін молынан қамтыған, оқырманын үлкен, кіші демей баурап алатын шым-шытырық оқиғалы мазмұнды шығарма.

Мұхтарбекқызы Г.

Тістің арманы: Ертегі. / Мұхтарбекқызы Гүлдана. - Алматы: Астана-кітап, 2021. - 30 б.

            Әр адамның арманы болатыны сияқты, тіс пен көздің, қол мен аяқтың да арманы болады екен. Өз армандарын дене мүшелері туған күн кешінде айтады. Алайда бұл жиынға тіс қатыса алмайды. Тіс не себептен келе алмады? Оның арманы қандай? Осы сұрақтардың жауабын Әлиманың әжесі айтатын ертегіден біле аласың.

Мырза Әлі Қ.

Күміс қоңырау: балаларға арналған өлеңдер. / Қадыр Мырза Әлі. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2020 – 400 бет.

Лаймен Фрэнк Баум

Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал. Алматы: «Мазмұндама», 2021. – 168 бет.

1900 жылы жарық көрген «Сүйкімді қыз бен сиқыршы шал» - балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі, авторы Лаймен Фрэнк Баум.

Шығармада құйын көтеріп алып кетіп, басқа әлемге тап болған Дороти атты қыздың басынан өткен таңғажайып хикаялары баяндалады.

Ертегі қарапайым, тілі жеңіл. Оқырманға беретін тәрбиелік мәні зор.

Мектеп жасындағы балаларға арналған.

Грэм, Кеннет

Жел жайқалтқан сәмбі тал : ертегі-хикаят / Кеннет Грэм ; [ауд. Г. Айшихова]. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 184 б. – (Шытырман оқиғалар).

            Шуақты көктем келіп, Жер-Ана дүр сілкінген кезді барлық тіршілік иелері ерекше жақсы көреді. Кітаптың басты кейіпкері Көртышқан да көктем иісін сезіп, үйреншікті мекенінен сыртқа, жер бетіне шығады. Сөйтіп, оның жаңа кездесулер мен шытырман оқиғаларға толы қызықты өмірі басталады.

            Аңдар арасындағы достық, олардың тіршілік үшін күресі, табиғаттың біз біле бермейтін сырлары – бәрі-бәрі осы ертегіде баяндалған.

            Уақытыңды бос өткізіп, келеңсіз оқиғаларға  ұрынбас үшін Құрбақаның қателіктерінен сабақ алыңыз деген ой астарлап жеткізіледі. Хикаятты оқи отырып, Борсықтың даналығына сүйсініп, Рэт ағайдың адалдығынан үлгі алып, Көртышқанның аңқаулығына кешіріммен қараңыз.