Uncategorised

Uncategorised

Бүлдіршіндерді және 10 жасқа дейінгі барлық балаларды, сондай-ақ олардың ата-аналарын мектепке дейінгі және төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөліміне шақырамыз. Жайлы оқу залында   балалардың түрлі форматта кітап оқумен бірге қызықты ойындар ойнауға, сүйікті мультфильмдерін көруге, қағаздан қолөнер бұйымдарын жасауға, әдеби ойындарға, театрландырылған қойылымдарға қатысуға, бос уақыттарын көңілді және қызықты өткізуге мүмкіншіліктері бар.

Сіздерді  "Шаңырақ" отбасылық оқу, "Жасыл әлем" экологиялық, "Умники и умницы" қызығушылық клубтары күтеді.

Меңгерушісі: Бақытгүл Жақсыбайқызы Көптлеуова

Орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі – өз  оқырмандарының өсу жолын дамытып, қоршаған әлемді тани білуіне, азаматтық және өнегелік көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде сіз сабаққа, емтиханға дайындалып және қызықты кітаптар оқумен қатар  әртүрлі мәдени ойын-сауық және танымдық іс-шаралар, кездесулерге қатыса аласыздар.

"Желкен" әдеби, "Атамекен" өлкетану-патриоттық, "Позитив" салауаттылық клубтарының жұмыстары өлкеміздегі жас тұрғындардың сұраныстарына бағытталған. Бізге келіңіздер! Көптеген жоспарлар, үміттер, шығармашылық ойлар тағы бар.

Меңгерушісі: Кәмиля Сәмсинқызы Ідрісова

Нұрпейіс Байғанин  (1860, қазіргі Ақтөбе облысы Темір ауданы — 9.4.1945, Ақтөбе) — халық ақыны, жырау. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Әкесі Байғана жоқшылықты көп көрген. Анасы Үміт әнші, домбырашы әрі ақын болыпты, айтыстарға қатысқан. Ол ақындық өнерді ең алғаш анасынан үйренген. 16 — 17 жасынан-ақ “бала жыршы” атанады. Кейіннен Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақындардан үлгі алып, бірқатарымен айтысқа түседі, батырлық жырларды үйренеді. Байғанин Нұрпейіс негізінен батырлықты, адамгершілік пен адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, халық сүйіп тыңдайтын “Құбығұл”, “Төрехан”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман — Шолпан” сияқты жыр, дастандарды жырлаған. Байғанин Нұрпейіс жырлаған “Қобыланды батыр” жыры — осы жырдың басқа ақын-жыршылар айтқан нұсқаларынан көлемі молы, оқиғасы жағынан мазмұндысы. Байғанин Нұрпейістің ертеректе жырлаған дастан, жыр нұсқалары кезінде жазылып алынбаған.

Эпостық жырларды айтумен қатар, дайын сюжеттерді пайдалана отырып, халықтық, әлеуметтік мәселелерге арналған “Ақкенже”, “Нарқыз” сияқты өз туындаларын шығарды. “Ақкенже” дастанында қазақ әйелдерінің тағдыры сол кезеңдегі нақты өмір мәнімен үндес, жан-жақты суреттеледі. “Нарқыз” — қазақ әйелдерін бостандыққа шақырған, идеясы анық, көркемдігі жоғары шығармаларының бірі. Байғанин Нұрпейістің дастан, эпостық жырларынан басқа да сатиралық өткір, қысқа өлеңдері және “Кектің дауысы”, “Қазақбаймен айтыс” сияқты көлемді шығармалары бар. Байғанин Нұрпейіс шығармашылық жағынан толысып, халық құрметіне бөленген шағында отансүйгіштік, халық тағдыры, тағы басқа тақырыптарды кеңінен жырлады (“Қазақстан”, “Гүлденген заман”, “Өңімдегі жұмбақ”, “Ғажайып көрмеде”, “Москва”, тағы басқа). 1938 жылы Жамбыл Жабаевтың мерейтойына қатысып, “Ақын шабыты”, “Жамбылға”, “Көрімдік”, “Ғасырдың қарт бұлбұлы”, тағы басқа жырлар шығарды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің ашылу салтанатына, Қазақстан жазушыларының екінші съезіне (1939) қатысты. Ақынның кейіннен “Өрістегі өмір” (1938), “Ақын” (1939), тағы басқа дастандары жарияланды. “Ер туралы жыр” (1942), “Жиырма бес” (1942) поэмалары Кеңес Одағының Батырлары Нарсұтбай Есболатов пен Төлеген Тоқтаровтың ерлігіне арналған. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтере білді. Көп жасаған, көп көрген, көп үйреніп, көп жырлаған, қазақ халқының мол сөз қазынасын меңгере, пайдалана білген ақынның шығармалары терең мағыналы, өткір тілді, шешендік сөздерге, мақал-мәтелге, афоризмге толы. Байғанин Нұрпейістің “Ақын шабыты”, “Ақынға”, “Отарба”, “Зор майданға шапшаң бар”, тағы басқа өлеңдері дәстүрлі терме мәнерінде жазылған.

Ақын жыр алыбы Жамбыл сияқты Қазақстанның біраз жерлерін аралап, Алматы, Мәскеу қалаларында болып, ертеден келе жатқан жыраулық дәстүрді халқына қайта тарту етті. 1938 жылдан бастап Байғанин Нұрпейіске әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М. Хакімжанова, Қ. Шаңғытбаев, Е. Ахметов, тағы басқа ақындар ұқыпты түрде дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Байғанин Нұрпейістің өмірі мен шығармашылығы Е. Ысмайыловтың, О. Нұрмағамбетованың, К. Сейдехановтың зерттеулерінде қарастырылған. Ақтөбе облысында Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және басқа қалалардағы көшелер мен мектептерге ақын аты берілген. Байғанин Нұрпейіс “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Қайнар көз: http://kk.wikipedia.org

     12 августа 2022 года областная детская библиотека имени Н.Байганина в рамках  фестиваля детского чтения «KIDS BOOK FEST-2022» организовала выставку-викторину «Оқимыз. Ойлаймыз. Армандаймыз.». На выставке любителям книг и маленьким эрудитам были представлены новинки из нашего книжного фонда – энциклопедии на казахском, русском и английском языках, книги-помощники для первого чтения малыша, яркие книги о космосе для маленьких астронавтов. Маленькие любознайки продемонстрировали свои знания в викторине «Обо всем», отвечая на вопросы о том, как устроен аэропорт, зачем крокодил глотает камни, почему кошки всегда приземляются на лапы, где были изобретены первые деньги и узнали много нового и интересного.

     19 августа 2022 года областная детская библиотека имени Н. Байганина провела на бульваре имени Абая литературную мозаику «Сиқырлы фото әлемі», посвящённую Международному дню фотографии. В ходе мероприятия вниманию участников была представлена книжная выставка «Фотообьективте өлкеміздің өткені мен бүгіні», проведено путешествие по истории родного края. Были заданы многочисленные вопросы о становлении города, о важных вехах в его истории, об известных личностях Актобе.

     На книжной выставке были представлены произведения поэтов и писателей наших земляков.

     2022 жылғы 18 қараша Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Ымырттағы кітапхана» жобасы аясында «Кітап галактикасы шақырады» әдеби ойыны өткізілді.

     Шара қатысушылары, жас ғарышкерлер төрт топқа бөлініп, Кітап галактикасына саяхат жасады. «Меркурий», «Марс», «Сатурн», «Жер» станцияларында балалар түрлі тапсырмалар орындап,  әдеби ойындарға  қатысты. Жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап берді.

     Әрбір аялдамада балаларға танымдылық кітап көрмелері ұсынылып, ғарыш, табиғат туралы кітаптар және журналдар таныстырылды.

     Шараға №15 Жидек бөбекжай балабақшасының үлкен және мектеп алды даярлық топтарының тәрбиеленшуілері мен ата-аналар қатысты.