29 наурыз күні «Мағжан жыры – мәңгілік» әдеби кеш өтті

  Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Балалар кітабы  апталығы аясында  29 наурыз  күні  № 68 Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 5–класс оқушыларының қатысуымен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған  «Мағжан жыры – мәңгілік» әдеби кеші өтті.

Кеш барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында бейнекөрсетілім көрсетілді. Оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, «Бес жолды өлең» әдісі бойынша өлең құрастырып, тест сұрақтарына жауап берді. «Жырымен жұртын оятқан» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.

0

1

2

3

4

5

6

7

8