
Балалар кітабы апталығының аясында біздің кітапханада балалар жазушысы, суретші және әңгімеші Владимир Сутеевтің 120 жылдығына арналған инсталляция ұйымдастырылды. «Владимир Сутеев – сказочник, художник, волшебник» атты кітап көрме-инсталляциясы ұсынылып, автордың ертегілері, жұмбақтары, әңгімелері ұсынылды.
Шараға №11 мектеп-гимназиясының 1-класс оқушылары белсене қатысты.
Владимир Сутеевтің ертегісі бойынша мультфильм тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар балалар Владимир Сутеевтің өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты.
Өнерлі оқырмандар «Под грибом» ертегісіне қойылым көрсетті.