2023 жылдың 27 наурызы мен 3 сәуір аралығында балалар кітабы апталығы ұйымдастырылады

    2023 жылдың 27 наурызы мен 3 сәуір аралығында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы балалардың оқу мәдениетін арттыру мақсатында  балалар кітабы апталығын ұйымдастырады. Апталық аясында түрлі форматта шаралар, кітап исталляциялар, оқу марафоны өткізіледі.  

Апталықтың бірінші күні көрнекті ақын, ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім мұрасы –мәңгілік шежіре» атты әдеби кеш өтті.

Шараға Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің докторанты Ермуханова Индира Жақсылыққызы, сондай-ақ Ж.Ташенов атындағы №68 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

Қаламгердің отаншылдыққа толы әдеби мол мұрасын насиxаттау мақсатында өткізілген әдеби кеште кітапхана оқырмандары ақынның «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық», «Адамдық борышың», «Насихат», «Қош жұртым» өлеңдерін оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Самал Қайратқызы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындады.

Аға оқытушы Индира Жақсылыққызы Шәкәрім шығармалары арқылы жас ұрпақты сөз асылын түсіне білуге, асыл қасиеттерді бойына сіңіруге шақырып, адамгершілік, білім-ғылым жайын қозғады. Сондай-ақ оқырмандар оқытушыға өз сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды

Оқырмандар назарына «Дана сөздің дарасы» атты кітап көрмесі, Шәкәрім туралы бейнебаян ұсынылды.

1

2ш4ш

6ш

8ш

9ш10 ш