«Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты салт-дәстүр мерекесі

    2023 жылдың 17 наурызында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ресей Федерациясы, Орынбор облыстық полиэтникалық балалар кітапханасының қатысуымен «Наурыз тойы – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты салт-дәстүр мерекесін ұйымдастырды.

ZOOM платформасымен байланысқа қосылған Орынбор облысының балалар кітапханасының оқырмандары, «Нежин» лицейінің қазақ тілі пәнінің ұстаздары мен оқушылары мерекемен құттықтап, қазақ жазушыларының өлеңдерін оқыды. «Айгөлек» қазақ мәдениеті үйірмесінің мүшелері «Наурыз» әнін орындап, «Қамажай» биін биледі.

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы тарапынан ресейлік оқырмандары үшін қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінің бірі «Тұсау кесу» рәсімі көрсетіліп, шашу шашылды. Наурыз аруы мен Қарашаш ана ақ батасын беріп, ақ тілектерін білдірді. Оқырмандар назарына «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі ұсынылды.

101234578912