2023 жылғы 16 наурыз күні «Діннің рухани тәрбиедегі орны мен рөлі» сұхбат алаңы

           2023 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы «Діннің рухани тәрбиедегі орны мен рөлі» сұхбат алаңы өткізді.

     Шараға «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Медет Нұрлыбекұлы Искаков, Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Мәди Орынбайұлы Орынбаев қатысты. Оқырмандар «Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?», «Діннің адамның рухани өміріндегі орны» тақырыптары бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Шара қонақтары жастардың діни сауаттылығын ашатын мәселелерді көтеріп, оларды қазақ халқының мәдениеті мен озық салт-дәстүрін құрметтеуге, туралықтан таймауға шақырды.

       «Дін - тәрбиенің рухани тірегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Фараби, Баласағүни, Яссауи бабаларымыз салып, Абай, Шәкәрім және Мағжан, Жүсіпбек даналарымыздың шығармалары насихатталды.

123456