
2023 жылғы 15 наурызда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы № 6 мектеп–гимназиясының мәжіліс залында «Табиғаттың достары: сен және мен» эко-әдеби тайм өткізді.
Шарада халықтың көңіл-күйін, сүйініші мен күйінішін табиғаттың ішкі иірімдерін сіңіре отырып жазылған көркем шығармалар арқылы оқырмандарға қоршаған орта туралы түсінік беріліп, табиғатты аялай білуге шақырылды. «Табиғатым-байлығым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды. Оқушылар Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев сынды ақындардың табиғат туралы өлеңдерін оқыды.