
2023жылғы 9 наурыз күні көктемгі күн мен түннің теңелуі – Наурыз мейрамы қарсаңында кітапханамыз Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының балаларын мерекемен құттықтады. Мерекелік бағдарламада қазақтың «Бесікке салу» дәстүрі жасалып, дана Қарашаш әже балаларға ізгі тілектерін тілеп, батасын беріп, көтеріңкі көңіл-күй тіледі, балалармен бірге қызықты ойындар ойнатылды. №1 музыка мектебінің шәкірті Берік Әліжанның орындауында «Анаға сағыныш» және «Оймауыт» ән-шашуы тарту етілді. Кітап қорымен танысу мақсатында «Нұр Себелі Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кітап көрмесі ұсынылды. Шара соңында оқырмандарға қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тарту етілді.