2023 жылғы 7 наурыз күні «Анаға тағзым – ұлтқа құрмет» мерекелік кеш өтті

2023 жылғы 7 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында Ж.Ташенов атындағы №68 ЖББОМ, М.Мақатаев атындағы №73 жалпы білім беретін орта мектептердің 2-класс оқушыларының қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған   «Анаға тағзым – ұлтқа құрмет» мерекелік кеш өтті.

Шараның мақсаты: балаларды аналарын құрметтеуге, аялауға, мейірімділікке тәрбиелеу, кітап оқу мәдениетін дамыту. Оқырмандар «Ана – ақындар тілімен…» әдеби монтажда ақындар Әдібай Табылдының «Сегізінші наурыз», «Жылылық пен ұлылық», Алмат Исәділдің «Анашым» өлеңдерін оқыды. №73 М.Мақатаев атындағы ЖББОМ-тің қыздар тобы «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» әнін шырқады. №68 ЖББОМ 2-класының ұл балалары қырмызы қыздарымызды құттықтап, өздерінің сыйлықтарын табыстап, «Мен қазақтың ұлымын» әнін тарту етті. «Әлемді тербеткен – Ана» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

1234567