
2023 жылғы 1 наурызда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №2 мектеп-гимназиясында Алғыс күніне арналған «Бірлік.Достық.Береке» достық алаңы аясында «Рахмет саған, Отаным!» атты әдеби-зияткерлік ойынын өткізді.
Шарада оқырмандарға Алғыс айту күнінің мән-маңызын жете түсіндірілді. 9 класс оқушылары Отанды, жерді сүйіп, туған ел тарихын білуге, ұлтжандылығын арттыруға бағытталған әдеби зияткерлік ойынына белсене қатысып, әр түрлі қызықты тапсырмалар арқылы тарихтан тағылым алып, бабаларымыздың биік рухына тағзым етті.