
Бүгін Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында № 39 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушылары үшін пиар-экскурсия өтті. Балалар кітап әлеміне саяхат жасап, «Табиғат», «Қазақстанның өсімдіктері», «Сен білесің бе?» танымдық энциклопедияларынан қызықты ақпараттар алды.