2023 жылғы 23 ақпанда «Ымырттағы кітапхана» аясында «Ұшқыр ой мен шешен тіл»   ой талқы

  2023 жылғы 23 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ымырттағы кітапхана» аясында «Ұшқыр ой мен шешен тіл»  тақырыбында ой талқы өткізді.

     Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттерінен құралған «Хикмет» оқырмандар клубының жастары мен М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9 сынып оқушылары қатысты.

Оқырмандар «Кітап, ғаламтор және жастар» тақырыбында сөз қозғап, ой толғады.

     Жастарымыз кітап атты ұлылықпен сусындап өссін деген мақсаттағы басқосуда келген қонақтарымыз бен оқырмандарымыз ғаламтор сананы жаулағанымен кітаптың құндылығы еш төмендемейтінін тағы бір рет дәлелдеді.

41235678