2023 жылғы 22 ақпан күні «Текті елдің батыры» атты тарих сағаты

   2023 жылғы 22 ақпан күні Н.Байғанин атындағы  облыстық балалар кітапханасы кіші жүз ханы, қолбасшы Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толуына орай «Текті елдің батыры» атты тарих сағатын өткізді.

       Шараға Ақтөбе облысындағы айтыс өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан айтыскер ақын, Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті мәдениеттану ғылымының докторанты, «Мұра» ғылыми-зерттеу институтының директоры  Есентүгел Аманкелдіұлы Әзи және М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Базаргүл Ғұбайдоллақызы Сейтенова қатысты. Базаргүл Ғұбайдоллақызы тарихи деректер арқылы Әбілқайырдың қазақ тарихындағы орны, бала Әбілқайырдан хан Әбілқайырға және қазіргі кездегі Әбілқайыр ханның зерттелуі туралы терең әңгіме қозғап, оқушыларға өз Отанының тарихына құрметпен қарау керектігін жеткізді. Есентүгел Аманкелдіұлы ғибратты ғұмыр кешкен бабамыздың қазақ жерінің бүтіндігін сақтауға, қазақ жерін анталаған жаулардан қорғаған саясаткерлігі туралы баяндады.

Оқырмандар назарына «Айбарлы хан- Әбілқайыр» атты кітап көрмесі жасақталып, тарихи туындылар, мерзімді басылым беттерінде жарияланған Әбілқайыр хан туралы деректер мен фото суреттер ұсынылып, рухына тағзым етілді.

12345678910